Ташкент тұрғындары Ислам Каримовпен қоштасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ташкент тұрғындары Ислам Каримовпен қоштасып жатыр © Эрнест Куртвелиев

Ташкент тұрғындары қала көшелеріне шығып, Ислам Каримовты соңғы сапарға шығарып салып жатыр, - деп хабарлайды Gazeta.uz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ташкент тұрғындары қала көшелеріне шығып, Ислам Каримовты соңғы сапарға шығарып салып жатыр, - деп хабарлайды Gazeta.uz.

Қаралы кортеж Ислам Каримов күн сайын жұмысқа баратын президент тас жолымен жүріп, кейін әуежай жаққа бұрылды.  

LifeNews басылымы Ташкент көшелерімен қаралы кортеждің жүріп өткенін және оның Өзбекстан президенті Ислам Каримовты әуежайға жеткізетінін хабарлап отыр. Көліктер Нүкіс көшесінің бойымен жүрді, оның қашықтығы 15 шақырым. 

Жергілікті тұрғындар көшбасшымен қоштасу үшін таңғы 4.00-ден бастап жинала бастапты. 

Ташкент тұрғындары қоштасу рәсімінен суреттер мен видеолар жариялап, #мойпрезидент #withKarimov хештегтерін қолданып жатыр.

Ал осыған дейін Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram желісінде әкесінің қайтыс болғанын мәлімдеді. "Ол бізді тастап кетті... Сөз таңдап отырып, өзім сене алар емеспін", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында.

Еске салайық, Өзбекстан президенті Ислам Каримов 78 жасында қайтыс болды. Ислам Каримовті жерлеу рәсімі Самарқанда 3 қыркүйекте өтеді. Президенттің қазасына байланысты Өзбекстанда үш күнге қаралы күн жарияланады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Конституцияға сәйкес, президенттің міндетін уақытша орындаушы - Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісінің Сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети