Ташкентте Ислам Каримовқа ескерткіш қойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Татьяна Каримова бейсенбіде Ислам Каримовтың елдегі алғашқы ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Татьяна Каримова бейсенбіде Ислам Каримовтың елдегі алғашқы ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың ескерткіші 31 тамызда Ташкенттегі Оксарой резиденциясының алдында ашылды. Ашылу салтанатына президент Шавкат Мирзиеев және тұңғыш президенттің жұбайы Татьяна Каримова қатысты", - деп хабарлайды gazeta.uz интернет басылымы.

Қолдан құйылған ескерткіш авторы өзбекстандық мүсінші Ильхом Жаббаров 2016 жылы тұңғыш президентке ескерткіш бойынша Көркем өнер академиясы жариялаған конкурсты ұтып алған болатын. 

Басылымның мәліметі бойынша, ашылу салтанатына елдің премьері Абдулла Арипов, үкімет мүшелері, министрлік, парламент пен ведомство өкілдері қатысқан. 

"Мен Ислам Абдуғаниұлы Каримовты ұлықтаған ескерткіш авторына ризашылығымды білдіргім келеді. Мүсінші ескерткіштің осы образы арқылы оның мықты рухы мен жоғары адами қасиеттерін жеткізе алған", - деп келтіреді Татьяна Каримованың сөзін uznews.uz. Сонымен қатар, ол қазіргі президент Мирзиеевке де алғысын білдірді. 

2016 жылдың қарашасында Өзбекстан президентінің жесірі мен кенже қызы Лола Каримова-Тилляева Каримов атындағы қоғамдық қайырымдылық қорын құрды, қор Оксарой аумағында орналасқан.  

Республиканы 1989 жылдан бері басқарған Ислам Каримов 2016 жылдың 2 қарашасында 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Елдің тұңғыш президенті Самарқанда жерленді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro