Өзбекстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыс әлемінің лидері Аббосхон Ходжаевты ұстады, ол Ташкентті "қараушы" атағына үміткер болды, - деп хабарлайды Газета.uz. Қылмыс әлемінің серкесіне аса ірі көлемде есірткі сатты деген айып тағылған.

"Қазіргі уақытта ұсталған азамат бопсалау, аса ірі көлемде есірткіні сақтау және сату баптары бойынша айып тағылған. Соынмен қатар, оның қылмыс әлемінде абырой жинау үшін қылмыстық топ құрып, заңға қайшы іс әрекеттерге барған. Алайда бұл әрекеттердің барысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта онымен сыбайлас болғандардың кімдер екені анықталып жатыр", - деді Ташкент МІІБ басшысының орынбасары Дониер Ташходжаев.
Ішкі істер органы өкілдерінің айтуынша, ешкім криминалдық билік орнатуға жол бермейді. "Ташкентте заңды аттап өтуге ешкімге жол берілмейтініне уәде беремін. Конституция бар, қылмыстық-процессуалдық кодекс бар, нормативтік актілер, әкімдіктер, құқық қорғау органдары бар. "Көше бұзақыларына" мұнда орын жоқ. Кез келген осы тектес іс әрекеттерге заң тарапынан қарсы жауап болады", - деді Ташходжаев.