28 қыркүйек 2023 12:07

Ташкенттегі жарылыс: қоймада не сақталған?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ташкенттің Сіргелі ауданындағы жарылыс болған қоймада не сақталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.


Ташкенттің Сіргелі ауданындағы жарылыс болған қоймада не сақталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық логистика орталығы (United Cargo Center) мәліметінше, қоймада жанғыш заттар болған жоқ.

"Жарылғыш заттар сақталған жоқ. Жарылысқа не себеп болғанын білмейміз. Бізде ұшқын тудыратын жанғыш заттар болған жоқ, ондай болған жоқ", - деді кешен өкілі.

Оның айтуынша, өрт шыққан бірінші тоңазытқыш қоймада маргарин, күнбағыс майы, майонез және кетчуп сақталған.

Сонымен қатар, ол қойма қызметкерлерінің ешқайсының жарылыстан зардап шекпегенін атап өтті.

Қазір шенеуніктер оқиғаның мән-жайын, жарылыс себебін анықтап жатыр.

Логистикалық кешен сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ол 2017 жылдың наурызында жаңадан құрылған Interlogistics БК ЖШҚ компаниясы негізінде жұмысын бастаған.

Кешен тауарларды қабылдау, сақтау, кедендік ресімдеу және жөнелтуге байланысты қызметтерді көрсетеді. Кешендегі жүктерді жабық қоймада, сарай қоймасында немесе ашық жерде, сондай-ақ контейнерлерде сақтауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети