Татарстан президенті Рустам Минниханов республиканың премьер-министрі Ильдар Халиковтың басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстан кетуі туралы арызын қанағаттандырды, - деп хабарлайды РИА Новости Татарстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республиканың мемлекеттік кеңесінің шешімімен Татарстан премьер-министрі міндетін атқарушы болып, бұрынғы премьер-министрдің бірінші орынбасары Алексей Песошина тағайындалды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Управляющая компания "Татэнерго" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Халиков компанияның бас директоры болып сайланды. Сонымен қатар, Халиков Татарстан Республикасының энергетикалық сектордағы компаниялар кеңесінің директоры болып қала береді.