Татарстанда салмағы 300 келі болатын бауырсақ пісірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Татарстанда салмағы 300 келі болатын бауырсақ пісірілді © Business-gazeta.ru

Татарстанда Сабантой мерекесін тойлаушылар әлемдегі ең үлкен бауырсақты пісірді, - деп хабарлайды ProKazan.ru порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Татарстанда Сабантой мерекесін тойлаушылар әлемдегі ең үлкен бауырсақты пісірді, - деп хабарлайды ProKazan.ru порталы.

Бауырсақтың салмағы 305 келі болды. Мейрам Татарстандағы Альметьевск қаласында тойланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бауырсақты дайындау үшін 118 келі ұн, 84 келі қант, 42 келі табиғи бал мен 1652 тауық жұмыртқасы кетті. Айта кетейік, үлкен бауырсақ Ресейдегі Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Айта кету керек, Алматыда 2014 жылы Аналар күнінде бауырсақ пісіруден рекорд орнатылған болатын. Горький атындағы орталық саябақта 856 келі бауырсақ пісірілген болатын. Сол күні ұйымдастыушыларға рекорд орнатқандары туралы сертификат берілді. Бауырсақты "Ене және келін" жобасына қатысушы 7 жұп дайындады. Рекордты Лондоннан келген Гиннестің рекордтар кітабы арнайы өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар тіркеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети