"Тәуелсіздік алып, НАТО-ға кіреміз". Шотландия премьер-министрі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тәуелсіздік алып, НАТО-ға кіреміз". Шотландия премьер-министрі мәлімдеме жасады ©REUTERS

Шотландия премьер-министрі Никола Стерджен ел тәуелсіздік алғаннан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін НАТО-ға қосылуы керегін айтты, - деп хабарлайды Scotsman.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шотландия премьер-министрі Никола Стерджен ел тәуелсіздік алғаннан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін НАТО-ға қосылуы керегін айтты, - деп хабарлайды Scotsman.

Стердженнің айтуынша, Шотландия билігі 2023 жылдың соңына дейін тәуелсіздік туралы тағы бір референдум өткізуді көздеп отыр және егемендікке қол жеткізсе, ел Еуроодақ пен Солтүстік Атлантика альянсына қосылады.

"2012 жылы мен басқаратын партия (Шотландияның ұлттық партиясы) Шотландия тәуелсіздік алған жағдайда НАТО-ға мүше болуға ұмтылатынын бекітті", - деді ол.

Премьер-министр Шотландия Еуропаның солтүстігіндегі "стратегиялық позициясы" туралы "жақсы хабардар" екенін айтып, ресейлік ұшақтар мен суасты қайықтары Ұлыбритания суларына жиі жақындайтынын атап өтті.

"Мен Ұлыбританиямен берік қарым-қатынас құрып, ЕО мен НАТО мүшесі атану тәуелсіз Шотландияның қауіпсіздік саясатының іргетасы болады деген нық сенімдемін. Сондықтан НАТО-ға мүшелік Шотландияның қауіпсіздігі үшін ғана емес, көршілеріміз бен одақтастарымыздың ұжымдық қауіпсіздігіне де ықпал ететіні бізге айқын", - деді саясаткер.

Сонымен қатар, ол сутекті энергетиканың "үлкен әлеуеті" туралы айтып, Шотландияда бұл технология маңызды өнеркәсіп саласы және Еуропада сутектің ең үлкен көзі бола алады деп мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети