14 тамыз 2016 20:27

Тайландта жарылыстар сериясынан кейін полиция тағы бес жарылғыш затты залалсыздандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bangkokpost.com © bangkokpost.com

Тайландтың оңтүстігінде орналасқан демалыс орындарында жарылыстар сериясынан кейін полиция тағы бес жарылғыш затты тауып, залалсыздандырды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Тайландтың оңтүстігінде орналасқан демалыс орындарында жарылыстар сериясынан кейін полиция тағы бес жарылғыш затты тауып, залалсыздандырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Хуахин қаласының сауда орталығында ұялы телефондарға қуат беру блогында құрылғыларында екі жарылғыш зат табылған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ойынша, белгісіз біреулер жарылғыш заттарды жарылыстар алдында бірнеше күн бұрын орнатқан болуы мүмкін. Тағы бір бомба жексенбі күні Пхукет аралында залалсындарырылды. Жарылғыш зат 11 тамызда іске қосылуы тиіс болған.

Полиция тағы екі жарылмай қалған бомбаларды Пхангнга провинциясынан тапқан. Бомбалар жұма күні жарылған жарылғыш заттардың жанынан табылған. Құқық қорғау органының қызметкерлері жарылғыш заттарда саусақ іздері қалуы мүмкін деп үміттенеді. Билік өкілдері Накхон Ситхаммарат провинциясында бір күдіктіні тұтқындады. Тергеу нұсқасы бойынша оның сыбайластары болуы мүмкін.

Еске салайық, Тайландтағы демалатын туристік орындарда Пхукет аралында, Сурат Тхани мен Хуахин қалаларында алты жарылыс болып, бір адам қаза тауып, кем дегенде 5 адам жарақат алған. Сурат Тхани қаласында, Пхукет аралында және курорттық Хуахин қаласында әдеттегі таңғы уақытта туды көтеру рәсімінен кейін полиция учаскелері мен қаладағы посттардың бірінде екі жарылыстан болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети