Тайвандағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан екі адам қаза тауып, 25-тен аса адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Зілзала Тайнань қаласында болған.
Тайвандағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан екі адам қаза тауып, 25-тен аса адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды РИА Новости. Зілзала Тайнань қаласында болған.
"Тайвань билігінің өкілдері ұсынған мәліметтерге сүйенсек, қалада қатты қираған ғимараттардың ішінде 17 қабатты үй бар. Онда 250-ге жуық адам болуы мүмкін. Құтқарушылар қазірге дейін 120 адамды ғимараттан алып шықты. Ауруханаға 29 адам жеткізілді, олардың екеуі қаза тапты", - делінген басылымда.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, магнитудасы 6,4-ке тең зілзала Тайвань аралының оңтүстік бөлігінде болды. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте жатыр. Тайвань Орталық ауа райы қызметі ұсынған мәліметтерде зілзаладан кейін тағы төрт афтершок тіркелгені айтылады.