Тәжікстан әйелдері үкіметтен ер азаматтардың дөрекілігін тоқтатуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстан әйелдері үкіметтен ер азаматтардың дөрекілігін тоқтатуды сұрады Көренкі сурет:ugranow.ru

Душанбе тұрғындары қала мэрі Рустами Эмомалиді Тәжікстандағы еркектердің әйелдерге деген қарым-қатынасын өзгертуді сұрады, - деп хабарлайды "Ахбор".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Душанбе тұрғындары қала мэрі Рустами Эмомалиді Тәжікстандағы еркектердің әйелдерге деген қарым-қатынасын өзгертуді сұрады, - деп хабарлайды "Ахбор".

Мәлімдемеде әйелдер еркектердің тарапынан қорлау сөздерін жиі еститінін, жеке кеңістігін сақтамайтынын айтып шағымданды. 

"Біз аналар ретінде қызымыз бен апалы-сіңлі қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Болашағына деген алаңдаумен сіздерден көмек сұрап отырмыз. Құрметті қала мэрі, сізден Тәжікстандағы еркектердің әйелдерге қарым-қатынасын өзгертуін сұраймыз", - деп жазады үндеудің авторлары. 

Соңғы кездері ер азаматтардың тарапынан әйелдерің ар-намысын қорлайтын әрекеттер көбейіп кетті. 

"Әйелдер өз жасына қарамастан, қорлық сөздерін естиді. Жеке кеңістік деген мүлдем жоқ. Мұндай жағдайға көбінесе жасөспірімдер яғни жас қыздар бетпе-бет келеді. Амал не, мұндай деректер көше ортасында да қоғамдық орындарда да, тіпті үйде де болады. Мұндай жайт қауіпсіздік пен тыныштыққа алаңдауымызға әкеп соқтырып отыр. 

Мемлекеттік жол полициясы да қоғамдық орындарда болып жатқан келеңсіз оқиғаларды көре тұра үндемей кетеді. Қыздарымыздың ар-намысын таптатқызбау үшін сіздерден көмек сұрап отырмыз", - деп шағымданды әйелдер. 

Олардың айтуынша, мұндай жағдайларға тек қаланың әйелдері мен қыздары емес, демалуға келген туристер де душар болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети