Тбилисиде тұрғындарды кепілге алған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тбилисиде тұрғындарды кепілге алған ер адам ұсталды

Полицейлер Тбилисидегі микроқаржы ұйымында тұрғындарды кепілге алған ер адамды ұстады. Бұл туралы полиция басшысы Важа Сирадзе айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Тбилисидегі микроқаржы ұйымында тұрғындарды кепілге алған ер адамды ұстады. Бұл туралы полиция басшысы Важа Сирадзе айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тергеу амалдары әлі де жүргізіліп жатыр. Ведомство өкілдері ұсталған ер адам - 1989 жылғы Л.З есімді адам екенін айтады. Ол 17 адамды кепілге алған. 

"Іс-шара сәтті аяқталды. Кепілге алынғандар босатылды, қаскөй тұтқындалды", - деді Сирадзе. 

Еске салайық, 20 қарашада Тбилисиде қаруланған ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алғаны хабарланған болатын. 

Ол Церетели даңғылындағы микроқаржы ұйымына басып кірген. 

Келіссөз бірнеше сағатқа созылған. Кейбір БАҚ мәліметінше, ер адам мас болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети