Тегеран маңында ұшақ құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тегеран маңында ұшақ құлады Taban Air ұшағы. @Taban.aero

Тегеран әуежайының маңында ұшақ құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, апаттың салдарынан қырықтан аса адам қаза болды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тегеран әуежайының маңында ұшақ құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, апаттың салдарынан қырықтан аса адам қаза болды. 

Taban Airlines рейсі Тегераннан иранның Табас қаласына ұшып бара жатқан. Иранда шығарылатын шағын Iran-141 ұшағы жергілікті уақыт бойынша 9.18-де (Астана уақыты бойынша 10.48) құлаған. Тағы бір деректер бойынша, Ан-140 ұшағы апатқа ұшыраған деп хабарланып жатыр. Ұшақ әуежайдан енді ғана көтерілген кезде, халық өте тығыз орналасқан ауданда құлаған. Айта кетейік, Иран 52 жолаушы сиятын Iran-140 ұшағын украиналық АН-140 ұшақ базасында құрастырған.  

Бұған дейін, шілде айының соңында Малиде Air Algerie ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ол кезде 15 елдің азаматы зардап шеккен. 116 адам қаза болды. Ұшақтың ішінде Испания, Алжир, Буркина-Фасо, Камерун, Канада, Египет, Франция, Германия, Ливан, Люксембург, Мали, Нигерия, Румыния, Щвейцария және Украина азаматы болған. Ал, шілденің соңында ұшақ құлағаннан кейін Алжирде үш күндік қаралы күн жариялаған еді. Ол кезде McDonnell 83 Air Algerie әуе кемесі Уагадугудан Алжирге бағыт алған. Ұшақ радар бетінен 24 шілде күні жоғалып кетті. Әуекомпанияның ақпараты бойынша, Экипаж көру мүмкіндігінің нашарлығына байланысты Алжир - Бамако бағытындағы өзге әуе көлігімен соқтықпасы үшін ұшақтан ілмек жасап орағыта ұшуды сұраған

23 шілде күні Тайванда ұшақ құлады. Салдарынан 50-ге жуық адам қаза болды. TransAsia бортында болған әуе апатынан жеті адам аман қалды. Айта кетейік, 17 шілде күні құлаған ұшақтың тергеу жұмыстары аяқталып қалды. Еске салайық, ол кезде ұшақ апатынан 298 адам қаза болған еді. Malaysia Airlines бортында болған апатқа байланысты есепті Малайзия биліктері тамыз айының ортасында береді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети