02 қаңтар 2016 10:08

Техас тұрғындарына ашық түрде қару алып жүруге рұқсат берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rusevik.ru © rusevik.ru

Американың Техас штатында қаруды қоғамдық орындарда алып жүруге рұқсат беретін заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Американың Техас штатында қаруды қоғамдық орындарда алып жүруге рұқсат беретін заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тапанша салатын қаппен қару алып жүруге сол қаруға лицензия алған және қауіпсіздік бойынша арнайы курстан өткен адамның құқығы бар. Алайда жеке кәсіпкерлер мен компаниялар өз мекемелерінде қаруды ашық алып жүруге тыйым сала алады. Мұндай жағдайда сол мекемелерде тыйым салынғаны жөніндегі белгі ілінуі тиіс.   

Сонымен қатар, 27 миллион халқы бар штатта бұл заңның 1871 жылдан бері бірінші рет қабылданып отырғаны айтылады. Осылайша, Техас қоғамдық орында қару алып жүруге рұқсат берілген ең үлкен штат саналып отыр.

Айта кетейік, қаруды белгілі бір деңгейде ашық алып жүруге америкалық штаттардың басым бөлігі рұқсат берген: Иллинойс, Флорида, Нью-Йорк, Оңтүстік Каролина, сонымен бірге Колумбия округі, Америкалық Самоа, Солтүстік Мариан және Америкалық Виргин аралдары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети