19 мамыр 2018 | 11:06

Техаста 17 жастағы оқушы мектепте қанды қырғын жасады: 10 адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкадағы Санта-Фе (Техас штаты) қаласында жартылай автоматты винтовка, бытыралы мылтық және тапанша ұстаған 17 жастағы жігіт өзі оқыған орта мектепте атыс ұйымдастырды. Ол адамдарды жаппай қырып, салдарынан он адам көз жұмды - олардың тоғызы сегіз бен он жас аралығындағы оқушылар және біреуі мұғалім. Тағы да оншақты адам жарақат алды. Оқиға 18 мамырда, таңертең болды, деп хабарлады Fox News телеарнасы.

Иконка комментария блок соц сети

Жігіт спорттық үлкен сөмкені асынып, сыныпқа кірген, ол қаруды шығарып, оқ жаудыра бастаған. Куәгерлердің айтуынша, оның футболкасында "Өлтіру үшін туылған" деген жазу болыпты. Ол оқ жаудырмай тұрып, "Тосын сый" деп айқайлаған.

Мектеп оқушысы Дакота Шрэдер айқайды естігенін айтты: "Қашыңдар, қашыңдар!". "Содан кейін оқтың атылғаны естілді, көп рет атылды. Бәрі қашты, мен қауіпсіз жер іздедім. Бірден анама хабарластым", - деді ол.

Кейін қылмыскердің аты-жөні анықталды - Димитриос Пагуртзис. Оның көлігінен жарылғыш заттар мен "Молотов коктейльдері" табылды. Ол өзіне қол салмақшы болған. Күдікті қамауға алынды, оған жаппай кісі өлтіру айыбы тағылады, Техаста мұндай қылмыс үшін өлім жазасы беріледі.

Полициядағы өтініште күдіктінің түрмеде екені айтылған. Ол ауыр қылмысы үшін айыпталып, қамалды және кепілдікпен шыға алмайды.

Техаста қаралы күн жарияланды. Мемлекеттік мекемелердегі тулар бес күннің ішінде төмен түсіріледі.

© Reuters

Айта кетейік, соңғы сегіз күннің ішінде АҚШ-та осымен үш рет жаппай ату болды, барлығы да - мектепте. Жылдың басынан бері 22-нші, деп хабарлады "Россия-24". АҚШ-тың экс-мемхатшысы Хиллари Клинтон мектептердегі атысты "ұлттық масқара" деп атап, бұл мәселемен күресу үшін заң қабылдауға шақырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети