Темір жол рельсінде суретке түсіп жатқан екіқабат модель қызды пойыз қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Темір жол рельсінде суретке түсіп жатқан екіқабат модель қызды пойыз қағып кетті © dailymail.co.uk

АҚШ-та темір жолдың үстінде фотосессия жасап жатқан жүкті модельді пойыз қағып, қаза тапты, - деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та темір жолдың үстінде фотосессия жасап жатқан жүкті модельді пойыз қағып, қаза тапты, - деп хабарлайды Daily Mail.

Қайғылы оқиға 10 наурызда Техас штатындағы Навасота қаласына жақын жерде болған. 19 жастағы Фредзания Томпсон рельс үстінде суретке түсіп жатқан. Ол жақындап келе жатқан пойыздан қашып бір жолдан екінші жолдан өткен. Алайда қарсы жолдан тағы бір пойыз келе жатқанын көрмеген.

Алған жарақатынан қыз оқиға орнында қаза тапты. Суретке түсіруші ер адам зардап шеккен жоқ. 

Қызды қағып кеткен пойыздың 101 тауарлық вагоны болған. Теміржол компаниясының өкілдері машинистердің қызды ескертпекші болып, сигнал бергенін және тоқтамақшы болғанын айтады. Алайда осыншама вагоны бар пойыз тоқтап үлгермейді. 

Фредзания есімді қыздың туыстары жергілікті колледждердің бірінде оқыған және оқуын уақытша тоқтатып модель мансабын бастамақшы болған. Ол өзінің жігітіне тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген, себебі ол жүктіліктің екінші айында болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети