Терророристік топқа жетекшілік етті деген күдікті Ауғанстаннан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Терророристік топқа жетекшілік етті деген күдікті Ауғанстаннан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемімен азамат "З" Қазақстанға экстрадицияланды. Ол террористік топ құру, басқару, оның қызметін қаржыландыру және Атырау облысы аумағында террористік қылмыстар жасады деп айыпталып отыр. Ол 2011 жылдан бастап іздеуде болды", - делінген хабарламада.
Осыған дейін Ауғанстан Ислам Республикасының құзырлы органдары бұл азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысын қанағаттандырған.
Айта кетейік, Жыл басынан бері өзара келісім қағидаты негізінде Ауғанстаннан Қазақстанға екі азамат экстрадицияланған.