Тихановская Беларусь халқын көшеге шықпауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тихановская Беларусь халқын көшеге шықпауға шақырды Фото: lrt.lt

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская өз сайлаушыларына видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская өз сайлаушыларына видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Telegram-дағы TUT.by каналында жарияланды.

Ол өзіне қолдау білдірген тұрғындарды көшеге шықпауға шақырып, заңға бағынуды сұрады.

"Мен, Светлана Тихановская, сіздерге алғысымды білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда президент сайлауына қатыстым. Беларусь халқы өз таңдауын жасады. Маған қолдау білдірген барлық тұрғынға алғысымды білдіріп, үндеу жасаймын. 

Беларусь халқы! Сіздерді ақылға келіп, заңды сыйлауға шақырамын. Мен қан төгілгенін, зорлық-зомбылық болғанын қаламаймын. Сіздерден милицияға қарсылық көрсетпеуді, көшеге шықпауды, өмірлеріңізге қауіп төндірмеуді сұраймын!", - дейді ол.

Тихановская бұл мәтінді қағаздан басын алмай оқып берді.

Президенттікке үміткер Светлана Тихановская Беларусьтен кетіп қалды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети