Тікелей эфирде опат болды: Жантүршігерлік жол апатына ұшырағандардың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тікелей эфирде опат болды: Жантүршігерлік жол апатына ұшырағандардың видеосы жарияланды

Ресейдің Харьков қаласының түбінде жол апатынан қаза тапқан апалы-сіңлілер оқиға кезінде интернетте тікелей трансляция жүргізіп отырған. Желіде пайда болған видеода қыздар әнге көңіл көтеріп, ішімдік ішеді, - деп хабарлайды "Харьков. Комментарии".

Адамдар қаза тапқан жол апаты 29 маусымда болған. BMW көдігі электр желісінің бағанасына соғылып, кейін ағашқа ұшып кеткен. Тізгінде 24 жастағы қыз болған, ал жолаушы орындығында 16 жастағы сіңлісі отырған. Кішісі оқиға орнында қаза тапса, үлкені ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Басылымның мәліметінше, қыздар жол апатының алдында Instagram желісінде тікелей трансляция жүргізген. Видеоға қарағанда, қыздар сөйлесіп, күліп, ән айтып, шыны құтыдағы сусын ішкен.

Бірнеше минуттан кейін айғай мен соққы естіледі. Одан кейін көлікке адамдардың жақындап келгенін, жедел жәрдем шақырғанын көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети