Рэп әншісі Тимати ресейлік YouTube желісінде дизлайк жинаудан рекордтық көрсеткішке ие болған "Москва" әніне түсірілген бейнеклипті өшіретінін мәлімдеді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Рэп әншісі Тимати ресейлік YouTube желісінде дизлайк жинаудан рекордтық көрсеткішке ие болған "Москва" әніне түсірілген бейнеклипті өшіретінін мәлімдеді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен резонанстық пікірлердің негатив арқылы қабылданатынын түсінемін. Бұл жерде артық кетті", - дейді Тимати.
Әншінің сөзінше, ол адамдарды "негізсіз ұстап отыра алмайтынын" айтып, видеоны өшіретінін хабарлаған. Клип арқылы ешкімді ренжіткісі келмегенін және Мәскеуді жақсы көретінін атап өткен.
Еске салайық, Тимати мен Гуфтың "Москва" атты әніне түсірілген клип қала күніне орай 7 қыркүйек YouTube желісіне жүктелген. Қазіргі таңда клип 1,4 миллион дизлайк пен 86 мың лайк жинаған.