08 ақпан 2021 | 11:16

"Тиімдігі төмен". ОАР AstraZeneca вакцинациясын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Reuters Reuters

Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті өндірген коронавирусқа қарсы екпемен вакцинациялау жоспарын тоқтатты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Звели Мкхизе мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті өндірген коронавирусқа қарсы екпемен вакцинациялау жоспарын тоқтатты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Звели Мкхизе мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

Йоханнесбургтегі Витватерсранд университетінің ғалымдары адам COVID-19-дың Оңтүстік Африка штамын жұқтырған жағдайда препарат орташа ауыр жағдайдың алдын алуда тиімділігі төмен екені хабарлады.

"AstraZeneca вакцинасы ғалымдар не істеу керегіне нақты нұсқаулар бергенге дейін бізде қалады", - деді Мхизе.

ОАР AstraZeneca препаратының 1 миллион дозасын алып, осы аптада вакцинацияны бастауды жоспарлаған. Оған қоса, министр Үкімет алдағы аптада Johnson & Johnson және Pfizer компаниясы шығарған вакцинаны ұсынатынын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Африкада Витватерсранд және Оксфорд университетінің мамандары вакцинаға клиникалық зерттеулер жүргізген. Оған 2 мыңнан аса адам қатысты.

"Өкінішке қарай, AstraZeneca вакцинасы жеңіл және орташа ауыр жағдайға қарсы әсер етпейді", - деді зерттеуді басқарған профессор Шабир Мадхи брифингте.

Алайда клиникалық зерттеу кезінде AstraZeneca вакцинасының орташа тиімдігі 70 пайызды көрсеткені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети