25 ақпан 2014 | 10:09

Тимошенко емделу үшін Германияға бармақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юлия Тимошенконың Майданда сөз сөйлеген сәті. 22 ақпан 2014 жыл.  ©РИА Новости фотосуреті Юлия Тимошенконың Майданда сөз сөйлеген сәті. 22 ақпан 2014 жыл. ©РИА Новости фотосуреті

Украинаның бұрынғы премьер-министрі ем-дом алу үшін Германияға барып қайтпақ. Бұл мәлімет саясаткердің жеке сайтында жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Нақтырақ айтқанда, "Батькивщина" партиясының көшбасшысы Германия канцлері Анела Меркельдің жеке шақыртуымен Берлиндегі Сharite клиникасында толық емдеу курсынан өтуді жоспарлап отыр. Тимошенко ханым Германияға бармай тұрып, Дублинде наурыздың 6-7 күндері өткелі отырған Еуропалық халықтық партиясының Саммитіне қатысатын болады. Юлия Тимошенко Украина Жоғарғы Радасының шешімімен ақпанның 22-і күні қамаудан босап шыққан болатын. Оған дейін Рада депутаттары Декриминализация бабы негізінде Тимошенконы қамауға алған Заңға дауыс берген болатын. Жоғарғы Рада сондай-ақ, 2004 жылы Конституцияны қолданысқа қайта енгізуді және сол заңда көрсетілген басқарудың парламенттік-президенттік үлгісіне көшу керектігін көтеріп, Виктор Януковичтің қызметінен кеткендігін, мерзімінен бұрын президенттік сайлау 2014 жылы мамырдың 25-іне белгіленгендігін жариялаған болатын. Еске саламыз, Тимошенко 2009 жылы Украинаға тиімсіз негізде Ресеймен арада көгілдір отынды жеткізуге қатысты келісімге келді деген айыппен 2011 жылы қамауға алынған. Ол жазасын Харьковтегі Качанов колониясында өтеп жатқанда 2012 жылы мамырда денсаулығының күрт нашарлап кетуіне байланысты Харьковтегі ауруханалардың біріне жатқызылған болатын. Тимошенко ханым омыртқа арасындағы жарықтан зардап шегуде.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети