Тілшілер ДАИШ содырлары өлім жазасына кескен ресейлік туралы дерек тапты

04 Желтоқсан 2015, 09:59
0
Тілшілер ДАИШ содырлары өлім жазасына кескен ресейлік туралы дерек тапты - © MailOnline
© MailOnline

LifeNews телеарнасының тілшілері ДАИШ содырлары өлім жазасына кескен ресейлік азамат туралы дерек тапты.

Экстремистердің құрбаны 23 жастағы Евгений Юдин болып шықты. Тоғыз жыл бұрын Евгений Грозный қаласындағы балалар үйінде тұрған. Ол бұл жерге Челябинск облысынан анасын ата-ана құқығынан айырғаннан кейін келіпті.

14 жасында оны Шешенстан тұрғыны Марха Хасиева асырап алған. Ислам дінін қабылдағаннан кейін ол Мұхамед Хасиев болады. Евгений политехникалық колледжде білім алған. Ол асырап алған анасы сатып әперген жеке пәтерінде тұрған.

Мұхамедтің асырап алған анасы былай деді: "Ол бала кезінде ата-анасынан айырылды, жетімханада тұрып жатқан кезінде біз оны асырап алдық. Ол бізге бірден ұнады: әділ, адал, бауырмал бала болды. Мектеп кезінде де достары көп болды. Менің балам болған жоқ, қарт әкеммен бірге тұрдым. Ол мен қартайғанда маған біреудің көңіл бөлу керек екенін ескеріп Евгенийді асырап алды. Оны тіпті өзінің тегіне де өткізді. Әкем оны өте қатты жақсы көретін".

2015 жылдың ақпанында Мұхамедке федералдық іздеу жарияланады. Хасиев Сирия аумағында ДАИШ содыры ретінде қақтығыстарға қатысқан.

"Біз онымен күні кешеге дейін байланыста болдық. Кейін ол байланысты үзді, - деді Марха Хасиева. - Ол Майкопта оқыған кезде соққыға жығылды. Ешкім қылмыстық іс қозғаған жоқ. Біз оны қолдау мақсатында әділ шешім үшін күрестік. Соққыға жыққан жігіттер жазаланды".

Мамыр айында Мұхамедтің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Асырап алған анасы Мұхамедпен соңғы рет күзде кездесіпті. Оның Сирияға кеткенін әйел білмеген. "Ол менің бұған қарсы болатынымды біледі. Сондықтан да маған айтпаған болуы керек. Ол үнемі "сіздер мен үшін ұялмайтын боласыздар, сіздердің тектеріңізді абыроймен алып жүремін" дейтін", - деді Марха Хасиева.

Сонымен қатар, нарколог маман содырлар ресейлік жігітті өлтірер алдында оған есірткі беруі мүмкін екенін теріске шығармады.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров тілшілерге өлім жазасына кесілген ресейлік азаматтың ұлты шешен екенін айтты. Оның айтуынша, өлтірілген жігіттің Ресейге жұмыс істеуі мүмкін емес. Сонымен қатар, Қадыров бұл үшін кек қайтаратынын жеткізді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай