Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ТМД басшыларының саммиті 9 қазанда Астанада өтеді

08 Мамыр 2015, 19:34
0
Астана. © Тұрар Қазанғапов
Астана. © Тұрар Қазанғапов

Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған ТМД-ға қатысушы елдердің көшбасшыларының кездесуі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу басталмай тұрып Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Ол Қазақстанның ТМД елдері басшыларының кеңесіне төрағалық ететін еске сала кетті.

"Біз ТМД-ның кезекті отырысын 9 қазанда Астанада өткізуді ұсындық. Түркмен тарапынан қолдау көрсетілген, өзбек тарапының ішкі мәселелеріне байланысты кейінге қалдыру ұсынылды. Біз мұны ескеріп, нақты өткізетін күнді биыл күзде анықтаймыз. Қалған мемлекеттер келісе ме?", - деп сұрады Назарбаев. Алайда Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов самитті 9 қазанда Астанада өткізуге келісетіндерін айтты.

Бұған дейін Назарбаевтың Ресейге сапары барысында ТМД мен ЕАЭО саммитіне және Жеңіс күнін тойлауға қатысатыны хабарланған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай