Тоқаев Фидель Кастромен болған кездесуді еске алды

26 Қараша 2016, 13:21
0
Тоқаев Фидель Кастромен болған кездесуді еске алды -

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада дүниеден өткен Фидель Кастромен болған кездесуді еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро дүниеден өтті. Мен онымен 1995 жылдың қаңтар айында Гаванада кездескен болатынмын", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро 90 жасында дүниеден өтті. 2006 жылдың 31 шілдесінде Фидель Кастро денсаулығының нашарлауына байланысты өз міндеттерін Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы Рауль Кастроға тапсырған болатын. "Куба революциясының көшбасшысы бүгін кешке сағат 22.29-да (Астана уақыты бойынша сағат 09.29-да) қайтыс болды", - деп хабарлады Рауль Кастро мемлекеттік телеарнадан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай