16 сәуір 2019 17:00

Тоқаев Келімбетовті қабылдады

© twitter.com/tokayevkz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Астана" ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдадым. Орталық алға қойған міндеттерін тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын айттым. АХҚО шетелдік капиталды тартудағы, қор нарығын дамытудағы, инвесторлардың құқықтарын қорғаудағы, сапалы қаржылық қызмет көрсетудегі жұмыстарды күшейту қажет", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

"Астана"ХҚО басқарушысы Қ.Келімбетовті қабылдадым. Орталық алға қойған міндеттерін тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын айттым.АХҚО шетелдік капиталды тартудағы,қор нарығын дамытудағы, инвесторлардың құқықтарын қорғаудағы,сапалы қаржылық қызмет көрсетудегі жұмыстарды күшейту қажет pic.twitter.com/4tuftRSrbQ

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 16 апреля 2019 г.

АХҚО Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және Ұлт жоспарының "100 нақты қадам" бөлігі болып табылады. Қаржы орталығының мәртебесі Қазақстан Конституциясында заңды түрде бекітілген. АХҚО шеңберінде алғаш рет ағылшын коммерциялық құқық қағидаттарына және жетекші әлемдік қаржы орталықтарының (Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай) стандарттарына негізделген жеке құқығы бар арнайы юрисдикция жұмыс істейді.

Қаржы орталығының базасында үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа жоғары технологиялық биржалық инфрақұрылым құрылды. АХҚО биржасы "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ" АҚ компанияларын жекешелендірудің негізгі алаңына айналады деп жоспарланады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram