Тоқаев пен Зеленскийдің кездесуінің видеосы жарияланды

Тоқаев пен Зеленскийдің кездесуінің видеосы жарияланды © Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының Нью-Йоркте болған 74-сессиясы кезіндегі кездесу видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған. 

Кездесу барысында Тоқаев ортақ тарихы мен болашағын сөз ете кетті. Ол Украинамен саяси, сауда-экономикалық қатынастар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін сондай-ақ бұл үшін зор мүмкіндіктердің бар екенін атап өтті.

Кездесу соңында Тоқаев пен Зеленский бір-бірін өзара мемлекетаралық сапарға шақырды.

Сонымен қатар Қазастан Президенті БҰҰ 74-сессиясы кезінде ашық дебаттарға қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети