Токио метросында зардап шеккендер саны 17-ге жетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио метросында зардап шеккендер саны 17-ге жетті ©REUTERS

Токио метросында жасалған шабуылдан 17 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио метросында жасалған шабуылдан 17 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, шабуыл жергілікті уақыт бойынша 20.00 шамасында әлемде ең көп пойыз жүретін теміржол вокзалы Синдзюкуға бет алған Кэйо экспресс жолында болған. Пойыз вагондарының бірінде Джокер сияқты күлгін костюм киген ер адам пышақпен айналасына шабуыл жасай бастаған, кейін вагонға жанғыш сұйықтық төгіп өртеп жіберген.

Оқиға жолаушылар арасында дүрбелең туғызды. Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерде адамдардың платформадағы вагондардан терезе арқылы шығуға тырысқаны көрінеді.

©REUTERS

"Мен бұл Хэллоуиндағы әрекет деп ойладым. Сосын қолындағы ұзын пышақты сермеп келе жатқан адамды көрдім. Пышақтың үстінде қан болды", - дейді оқиға куәгерлерінің бірі.

Кейін құқық қорғау органдары ер адамды ұстады, оның әрекетінің себептері айтылмады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдікті билікке "адамдарды өлім жазасына кесуді қалайтынын" айтқан.

©REUTERS

Кэйо желісімен келе жатқан пойыз қазіргі уақытта елордалық аймақтың Тефу қаласындағы Кокура станциясында тоқтатылды. Станцияда жедел жәрдем көліктері кезекшілік етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети