23 маусым 2021 | 12:09

Токио Олимпиадасында ішімдік сатуға тыйым салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Токиода өтетін Олимпиада ойындары кезінде спорттық нысандарда ішімдік сатуға тыйым салынады және көрермендерге өзімен алып кіруге рұқсат берілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Токиода өтетін Олимпиада ойындары кезінде спорттық нысандарда ішімдік сатуға тыйым салынады және көрермендерге өзімен алып кіруге рұқсат берілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы "Токио-2020" ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото мәлімдеді.

"Мамандардың кеңесіне құлақ аса отырып, коронавирус инфекциясының таралуын алдын-алу үшін, ұйымдастыру комитеті алкогольді ішімдіктерді сатпау және тұтынбау жайлы шешім шығарды", - делінген Хасимотоның мәлімдемесінде.

Апта басында Олимпиада өтетін орындарда ішімдік ішуге боуы мүмкін деген БАҚ-та тараған ақпараттар кең талқыланған еді. Желі қолданушылары ондаған мың тег жинаған "Олимпиада ойындарын болдырмау" хештегін таратқан. Осыдан кейін ұйымдастырушылар шешімін өзгертті.

Хасимотоның сөзінше, Олимпиада серіктестерінің бірі - Asahi сыра қайнату компаниясы бұл шешіммен келіскен.

Сонымен қатар, ойын өтетін орындарда байланыссыз термометр арқылы дене температурасын өлшейді. Дене қызуы 37,5 градустан жоғары болса, көрермен стадионға кіргізілмейді. 

Еске салайық, Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24 маусым мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс болған. Пандемия садарынан жарыс бір жылға кейінге қалдырылып, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар Ойынды шетелдік көрермендерсіз өткізу жайлы шешім шығарды, жарысты жаппай тамашалау орындарын жасаудан бас тартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети