Токиодағы Олимпиада қатысушылары карантинге оқшауланбайды - ұйымдастырушы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токиодағы Олимпиада қатысушылары карантинге оқшауланбайды - ұйымдастырушы ©REUTERS

Олимпиада ұйымдастырушылары спортшылар Токиоға келгеннен кейін 14 күн оқшауланбайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада ұйымдастырушылары спортшылар Токиоға келгеннен кейін 14 күн оқшауланбайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, спортшылар Жапонияға келгенге дейін 72 сағат ішінде коронавирусқа тест тапсырады, бірақ мұны әлі де егжей-тегжей ойластыру керек.

"Токио Олимпиадасына қатысуға құқы бар спортшылар, жаттықтырушылар мен ресми тұлғаларға Жапонияға келгенге дейін тиісті шаралар қабылданған жағдайда елге кіруге рұқсат етіледі", - деді Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің басшысы Тоширо Муто баспасөз мәслихатында.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах келесі аптада Жапонияға үш күндік сапармен келуге ниетті, сол кезде коронавирусқа қарсы шешімдер мен шаралар нақтылануы тиіс. 

"Келесі жылдың көктеміне қарай біз шетелдік көрермендерге жоспар дайындаймыз. Барлығын 14 күндік карантинге жатқызу мүмкін емес, сондықтан олар келгенге дейін және келген кезде тест тапсыруы керек", - деді Тоширо Муто. Ол шешім пандемияға байланысты қабылданатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети