Толассыз жауған жаңбырдан Таиландта миллионға жуық адам үйсіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Толассыз жауған жаңбырдан Таиландта миллионға жуық адам үйсіз қалды © Serggrub

Таиландта миллионға жуық адам су тасқынынан үйлерін тастапы шығуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды "Вести.Ru"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таиландта миллионға жуық адам су тасқынынан үйлерін тастапы шығуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды "Вести.Ru"

Табиғат апатынан 19 адам көз жұмған. Муссон жаңбырларынан Таиландта 10 провинция апат аймағына айналды. Бірқатар қалаларда байланыстың барлығы жойылған. Көшелермен жүрудің жалғыз амалы қайықтар мен қолдан жасалған салдар ғана болып отыр. Зардап шеккендерге көмектесуге аттандырылған әскер мен апат-құтқару қызметкерлері адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, ал шыға алмағандарға тікұшақпен су және азық-түлік жеткізіп жатыр. 

"Бұрынғы үкіметтің жобалары дұрыс жоспарланбағандықтан, су тасқынынан қорғану қиын, суды теңізге бұрып жіберетін арналар, су сорғыштар мен бақылау мұнаралары жетіспейді", - дейді Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча.

Мұның алдында Самуи аралында жүрген қазақстандық туристерге сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын ұстану керектігі айтылған: тұрып жатқан орынды қажеттіліксіз тастап шықпау, жергілікті биліктің нұсқауын орындау. Бұл жайында Facebook арқылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали мәлімдеген болатын.

Департамент өкілінің хабарлауынша, Самуи - Пхукеттен кейінгі Тайландтағы екінші демалыс аралы. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан аралда басты көшелерді су алып, жергілікті халықаралық әуежайда бірқатар рейстер кешікті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети