07 ақпан 2022 18:35

Томирис Байсафаның өлімі: Мәскеуде Дағыстанның экс-премьерінің ұлының ісі қайта қаралады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеудің Измайловский соты сәрсенбі күні Дағыстанның бұрынғы экс-премьері Мұхтар Меджидов Муртузалидің ұлының ісін қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Мәскеудің Измайловский соты сәрсенбі күні Дағыстанның бұрынғы экс-премьері Мұхтар Меджидов Муртузалидің ұлының ісін қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Меджидов Муртузали Мұхтарұлының ісі бойынша алдын ала тыңдау 9 ақпан күні сағат 11.00-ге белгіленді", - делінген хабарламада.

Бастапқыда істі Мәскеудің Никулинск соты қарауы керек еді, бірақ Бас прокуратура материалдарды басқа сотқа жіберуді сұраған. Кейін Мәскеу қалалық соты Измайловскийді таңдады.

Сот Бас прокуратура Никулинск сотының объективтілігі мен бейтараптығына күмән тудыруы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлады. Бірақ нақты не екенін айтпады.

Өткен жазда Никулинск сотының алқабилері Муртузали Меджидовты ақтап, бірақ Мәскеу қалалық соты үкімді бұзып, істі қайта қарауға жіберген. Меджидов ақталғанға дейін қамауда болды, сот шешімі шыққан күні ол босатылды.

Марқұмның туыстары күдіктіден 30 миллион рубль өтемақы өндіріп алмақ болған, бірақ сот олардың азаматтық талаптарын қанағаттандырмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети