Төрт президент Киевке барады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрт президент Киевке барады twitter.com/GitanasNauseda

Еуропаның төрт президенті Украина астанасына барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропаның төрт президенті Украина астанасына барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Литва президенті Гитанас Науседа, Польша президенті Анджей Дуда, Эстония президенті Алар Карис және Латвия президенті Эгилс Левитс украин басшысы Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Киевке барады.

"Біз Киевке саяси қолдау көрсетуге және әскери көмек туралы жақсы хабарлама алып барамыз. Литва Украинаның егемендігі мен бостандығы үшін күресін қолдайды", - деп жазды Науседа Twitter-де және украин тілінде: "Жеңіске бірге!" деп қосты.

Польша президент әкімшілігі Украина астанасында төрт мемлекет басшылары Зеленскиймен кездесетінін растады.

"Біздің мақсатымыз - президент Зеленскийді және Украинаның қорғаушыларын осы ел үшін шешуші сәтте қолдау. Балтық елдері өңірдегі қауіпсіздік мәселелеріндегі біздің негізгі әріптестеріміз. Біз Киевке бірге барамыз деп шештік. Польша сапардың ұйымдастырушысы және Украинамен бірге оның логистикасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деді Халықаралық саясат бюросының басшысы Якуб Кумоч.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети