03 қаңтар 2018 | 10:11

Төсек жаймасымен оныншы қабаттан түспекші болған ер адам құлап өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© xakac.info © xakac.info

Ресейдің Тверь қаласында төсек жаймасымен көпқабатты үйдің терезесінен түспекші болған ер адам қайтыс болды, - делінген Тергеу комитетінің өңірлік сайтында


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Тверь қаласында төсек жаймасымен көпқабатты үйдің терезесінен түспекші болған ер адам қайтыс болды, - делінген Тергеу комитетінің өңірлік сайтында

Ведомство мәліметінше, 1 қаңтарда ер адам өз пәтерінде отырып, төсек жаймаларынан арқан жасап, сыртқа шықпақшы болған. Төмен қарай түсу сәтінде оның арқаны үзіліп кетіп, ер адам жерге құлап, оқиға орнында қаза тапты. 

"Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында кешенді шаралар жүргізіп жатыр. Олар ер адамның туыстарынан және таныстарынан сұрау алып, мәйітке сот медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Сонымен қатар өңірлік тергеушілер ер адамның бұл іске не үшін барғанына анықтауы тиіс. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады", - делінген хабарламада. 

Tverigrad басылымының мәліметінше, 37 жастағы ер адам жұмыссыз әрі бірнеше күн бойы ішімдік ішкен. Оның әйелі алкогольдік ішімдіктен жырақта ұстау үшін үйінде сыртынан кілттеп кеткен. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети