Жапониялық автоконцерн Toyota Motor Corporation коронавирустың тарауына байланысты Қытайдағы зауыттарының жұмысын 16 ақпанға дейін тоқтатты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Жапониялық автоконцерн Toyota Motor Corporation коронавирустың тарауына байланысты Қытайдағы зауыттарының жұмысын 16 ақпанға дейін тоқтатты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Reuters агенттігінің ақпараты бойынша, бұған дейін Toyota өндіріс жұмыстары 8 ақпанға дейін тоқтайды деп болжам жасаған.
Автоөндіруші "жергілікті және аймақтық билік органдарының ұсыныстарын қоса алғанда, түрлі факторларды ескере отырып" өндірісті тоқтату уақыты ұзартқаны хабарланды.
Toyota Қытайдан тыс жерлерде орналасқан зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, бейсенбіде компания өкілі журналистерге концерн Қытайдағы зауыттарының тоқтап тұруынан пайда болған экономикалық салдарын азайту үшін көлік бөлшектерін басқа аймақтарда өндіруді қарастыратынын хабарлады.
Сонымен қатар, Оңтүстік Корея коронавирустың таратуы нәтижесінде шығынға ұшырауы мүмкін шағын және орта бизнесті қолдау үшін шамамен екі триллион вон (1,7 миллиард доллар) бөледі.
Hyundai Motor Group өзінің бес зауытында өндірісті уақытша тоқтатты, мұндай оқиға 1997 жылдан бері алғаш болып отыр, сондай-ақ бұл KIA Motors өндірісінің қарқынын төмендетеді. Тағы бір автокөлік компаниясы SsangYong Motor 12 ақпанға дейін Пхентхэк қаласындағы зауыт жұмысын тоқтатты.
Toyota Motor Corporation - Toyota Group-тың ірі бөлімшесі және Жапония автоөнеркәсібінің көшбасшысы. Компания 1937 жылы құрылған, оның штаб-пәтері Тойота қаласында орналасқан.