Toyota Ресейдегі зауытын жабады - БАҚ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Жапониялық автоөндіруші Санкт-Петербургтегі зауытын жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бірнеше ресейлік БАҚ, сондай-ақ "Осторожно, новости" Telegram-арнасы жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жапониялық автоөндіруші Санкт-Петербургтегі зауытын жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бірнеше ресейлік БАҚ, сондай-ақ "Осторожно, новости" Telegram-арнасы жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, бұл туралы арнайы жиында қызметкерлерге хабарланған.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, оларға бұл шешім Ресей Федерациясында қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданғаны айтылған. Бұл ретте зауыт басқа брендпен жұмыс істей алмайды, сондықтан жабылады", - деп жазады Telegram-арнасы.

Жұмыстан шығар алдында қызметкерлерге 12 айлық жалақы төленетіні атап өтілді. Зауыт жұмысшыларының жиналыстары таңғы 9-дан бастап шағын топтарда өткен. Келесі аптадан бастап оларға келісім жіберілетіні айтылды. Көктемнен бастап зауыт тоқтап тұр, жұмысшыларға жалақысының үштен екісі төленген. Қазір басшылық "жұмыс берушінің кінәсінен бос уақытты жариялау туралы" бұйрықтың орындалуын тоқтата тұру туралы құжат берді.

Сондай-ақ, ақпарат көзінде кәсіпорын жақында жабылатынын растайтын құжаттар болған.

Санкт-Петербургтегі Toyota зауыты 2007 жылы ашылған. Кәсіпорында Camry және RAV4 модельдерін өндірудің толық циклі ұйымдастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro