Трамп 185 елге, cоның ішінде Қазақстанға баж салығын енгізбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп 185 елге, cоның ішінде Қазақстанға баж салығын енгізбек ©️ The White House

АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады. Бұл туралы ол 2 сәуірде Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығы енгізілетінін жариялады. Бұл туралы ол 2 сәуірде Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ әкімшілігі өзара іс-қимыл принципі бойынша импорттық өнімге кедендік баж салатын 185 мемлекеттің тізімін Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында жариялады.

Базалық тариф 10 пайыз деңгейінде, алайда ол көптеген мемлекет үшін жоғары болмақ. Мәселен, Қытайдан келетін тауарларға баж салығы 34 пайыз, ЕО елдерінен келетін тауарға 20 пайыз, Швейцария үшін 31 пайыз, Ұлыбритания үшін 10 пайыз, Израиль үшін 17 пайыз, Қазақстан үшін 27 пайыз болады. Ең жоғары төлем Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз), Лаосқа (48 пайыз) жүктелген.

Тізімде Ресей туралы айтылмаған. Сондай-ақ, тізімде Мексика, Иран, Канада және Беларусь жоқ. Дегенмен Вашингтон Украинадан келетін тауарларға 10 пайыз көлемінде сауда бажын енгізу туралы шешім қабылдаған.

Посткеңестік кеңістіктегі көптеген ел үшін, соның ішінде Молдова (31 пайыз) мен Қазақстаннан басқа елдерге 10 пайыз енгізілген. Армения, Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстанда 10 пайыз.

truthsocial/@realDonaldTrump

Бұдан бөлек Трамп жеңіл көлік, жеңіл жүк көлігі және көлік бөлшектері импортына 25 пайыз баж салығын енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Ақ үй басшысы баж салығын енгізу туралы шешімді "экономикалық тәуелсіздік декларациясы" деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети