Трамп 25 жылда алғаш рет Forbes тізіміне енбей қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп 25 жылда алғаш рет Forbes тізіміне енбей қалды Фото ©REUTERS

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 25 жыл ішінде алғаш рет Forbes бойынша ең бай 400 америкалықтың тізіміне енбей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 25 жыл ішінде алғаш рет Forbes бойынша ең бай 400 америкалықтың тізіміне енбей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналдың мәліметінше, рейтингте орын алу үшін Трамптың 400 миллион доллары жеткіліксіз болған. Коронавирус пандемиясы кезінде оның байлығы 600 миллион долларға азайып, 2,5 миллиард долларға жетті. Былтырғы рейтингте ол 339-орында болған.

Хабарланғандай, 1997 жылдан 2016 жылға дейін Трамп тізімнің бірінші жартысында болды, алайда АҚШ-тың ірі қалаларындағы жылжымайтын мүлік бағасының түсуіне байланысты Трамп та жыл өткен сайын байлар қатарынан төмен жылжып келеді.

Forbes 400-дегі алғашқы ондықты қазір Джефф Безос, Илон Маск, Марк Цукерберг, Билл Гейтс, Ларри Пейдж, Сергей Брин, Ларри Эллисон, Уоррен Баффет, Стив Балмер мен Майкл Блумберг иеленді.

Еске салайық, АҚШ-та Трампқа қатысты бірнеше тергеу жүріп жатыр, олардың кейбіреулері экономикалық қылмыстарға қатысты. Трамп ұйымы мен оның қаржы директоры салықтық алаяқтық схемасын құрды деп айыпталып жатыр, ал экс-президенттің өзі ірі салық төлемеді деген күдікке ілінді. Трамп "миллиондаған доллар салық төледім" деп мәлімдеді және президенттің жалақысынан бас тартқан жалғыз адам екенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети