10 қазан 2021 16:04

Трамп АҚШ Ауғанстанда қалдырып кеткен тікұшақтарды Ресей мен Қытай алғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей мен Қытай америкалықтар Ауғанстанда тастап кеткен тікұшақтарды зерттеп жатқанын айтты. Бұл туралы ол Айова штатындағы жақтастарының митингінде мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресей мен Қытайда біздің тікұшақтарымыздың үлгілері бар. Олар қазір "Апачиді" бөлшектеп, зерттеп жатыр, жақын арада олар үздік техниканы жинайды", - деді Трамп.

Экс-президенттің айтуынша, Ауғанстаннан кетерде америкалық әскерилер "бірнеше ескі тікұшақты сындырған, бірақ жаңаларын емес".

"Енді олар жауларымыздың қолында", - деді ол.

Еске салайық, АҚШ әскері 31 тамызға қараған түні Ауғанстаннан толығымен кеткен болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети