АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі жаңа коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдайдың жалпыұлттық режимін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі жаңа коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдайдың жалпыұлттық режимін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Мен ресми түрде ТЖ режимін жариялаймын", - деді ол.
Трамп бұл жағдай вируспен күресуге "50 миллиард долларға дейін" бөлуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.
АҚШ президенті әкімшіліктің жеке сектормен "коронавирусқа тест өткізу мүмкіндіктерін күшейту үшін" белсенді қарым-қатынас орната бастайтынын хабарлады.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігіне коронавирусқа қарсы күресу үшін жаңа өкілеттіктер беріледі. Ведомство дәрігерлер мен ауруханаларға вируспен күресуде "барынша икемділік" беру үшін қолданыстағы заңнама нормаларына өзгеріс енгізе алады. Оның ішінде денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер басқа штаттардағы науқастарға көмектесе алу үшін лицензиялық режимді жеңілдетеді. Бұдан басқа, ауруханалардағы төсектер саны көбейеді. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларға қосымша дәрігерлерді тартуға мүмкіндік береді, деді Трамп. Оның айтуынша, енді ауруханалар шұғыл көмекті тез ұйымдастыра алады.
"Біз ешқандай ресурсты аямаймыз, мүлде ешқайсын", - деді Трамп.
ТЖ режимін жариялау бірінші кезекте әкімшілікке барлық штаттар бойынша аурумен күресу үшін қажетті ресурстарды жедел бөлуге мүмкіндік береді. Бұған дейін ТЖ режимі кей штатта енгізілген.
Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-тағы коронавирустың расталған жағдайларының саны 1,6 мыңнан асты. Бұл ретте вирус жұқтырғандар саны айтарлықтай көп болуы мүмкін. Әр түрлі деректер бойынша, АҚШ індет басталғалы 10 мыңнан астам адамды коронавирусқа тексерген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!