Трамп әлеуметтік желілерді бақылауға алмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп әлеуметтік желілерді бақылауға алмақ Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желілердің жұмысына қатысты жарлыққа қол қоюға ниетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желілердің жұмысына қатысты жарлыққа қол қоюға ниетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Politico газетінің мәліметіне сәйкес, Дональд Трамп бейсенбі күні жарлыққа қол қоюы мүмкін. Әзірше жаңа құжатқа қатысты қосымша ақпарат жоқ.

Сәрсенбі күні Трамп егер әлеуметтік желілер консерваторлардың дауысын өшіруді жалғастыра берсе, олардың жұмысын қатаң бақылауға алатынын немесе толығымен "жабатынын" айтып қорқытты.

АҚШ президентінің сыны Twitter әлеуметтік желісінің жүйесі оның хабарламаларының бірін өтірік деп санап, оның астына пайдаланушыларды пошта арқылы дауыс беру фактілерімен танысуға шақыратын ескерту белгісін қоюымен байланысты болды.

Twitter желісіндегі бұл сілтеме Politico газетінің "Трамп орынсыз мәлімдеме жасайды және пошта арқылы дауыс беру нәтижелердің бұрмалануына әкеледі" деген материалға әкеледі. Сондай-ақ, Twitter-де үш тармақтан тұратын Трамп нені қате айтқанын және осы тақырыпқа қатысты жарияланымдар топтасының қысқа үзіндісі келтірілген.

Кейін компания бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді. Олардың пікірінше, Трамптың желідегі жазбасы сайлаушыларды шатастыруы мүмкін екен.

АҚШ президенті бұған жауап ретінде Twitter желісін президенттік сайлауға араласып, сөз бостандығына қысым жасады деп айыптады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети