Трамп АҚШ-тың ең үлкен қатесін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп АҚШ-тың ең үлкен қатесін айтты © РИА Новости

Американың президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы әскери кампанияның АҚШ үшін үлкен қателік болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы әскери кампанияның АҚШ үшін үлкен қателік болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Мемлекетіміздің ең үлкен тарихи қатесі президент Буш қабылдаған Таяу Шығысқа әскерді кіргізу шешімі болды", - деді Ақ үйдің басшысы Hill.TV арнасына берген сұхбатында. Алайда оның айтуынша, ол жерден әскерді шығарып жіберген Обаманың шешімі де дұрыс болмаған. Сондай-ақ, президент көптеген адамның құрбан болғанын және АҚШ-тың оған жеті триллион доллар қаражат жұмсағанын айтты.  

Пентагонның бағалауынша, 2001 мен 2018 жылдар аралығындағы Ирак, Ауғанстан мен Сирияға жасалған жауынгерлік әрекеттердің нәтижесінде 1,52 триллион доллар қаражат жұмсалған. Браун университетінің мәліметі бойынша, 2017 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша, АҚШ екі соғысқа және Пәкістан мен Сириядағы әскери операцияларға 5,6 триллион доллар жұмсаған. Бұған қоса, бұл сома ұлттық қауіпсіздік пен ардагерлердің денсаулығының шығындарын қамтиды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети