17 тамыз 2018 | 12:00

Трамп Ердоғанға америкалық пасторды босатқаны үшін ештеңе төлемейтінін мәлімдеді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет Түркияға 2016 жылы түрік билігі қамауға алған америкалық пастор Эндрю Брансонды босатқаны үшін ештеңе төлемейтінін мәлімдеді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет Түркияға 2016 жылы түрік билігі қамауға алған америкалық пастор Эндрю Брансонды босатқаны үшін ештеңе төлемейтінін мәлімдеді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Мұның алдында АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин Брансон босатылмаса Түркияға қосымша санкциялар салу дайындығы туралы айтқан. 

"Біз кінәсіз адамды босату үшін ештеңе төлемейміз, бірақ Түркияға шығынды азайматыз", - деп жазған президент Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Түркияның ұзақ уақыт бойы АҚШ-ты өз мүддесіне қолданып келгенін қоса.

Соңғы уақытта Вашингтон мен Анкараның қарым-қатынасы қиындап кетті, ол 2016 жылы түрік билігі қамауға алған америкалық пастор Эндрю Брансонға байланысты. Тамыздың басында АҚШ Қаржы министрлігі Түркияның Әділет министрлігінің басшысы Абдуламит Гүлге және Ішкі істер министрінің басшысы Сүлейман Сойлуға "адам құқықтарын айтарлықтай бұзды" деп айыптап, санкциялар салған еді. 

Дүйсенбіде түрік лирасы тарихи минимумына жетті, бір доллар 7 лираға тең болды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Түркиядан келетін алюминий мен болатқа баж салығын екі есе, тиісінше 20 және 50 пайызға дейін көтеру туралы шешім шығарылғанын мәлімдегеннен кейін болды. 

Алайда сауданың нәтижесінде сәрсенбіде түрік лирасы 16 пайызға қымбаттап, долларына 6 лира болып нығайды. 

Ал Түркия өз кезегінде құжатқа сәйкес, АҚШ-тан импортталатын тауарлардың баж салығын өсірді. Мысалы, темекі өнімдерінің баж салығы 60 пайызға, алкоголь 140 пайызға, автомобильдер 120, косметика заттары 60 пайызға, күріш 50 пайызға және жемістердің баж салығы 20 пайызға өскен. Бұдан бөлек тағы бірнеше тауарлардың баж салығы өскені жазылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети