АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясындағылардың журналист Джамал Хашукджидің өліміне айтқан түсіндірмесін "тарихтағы ең нашар аңыз" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Басынан-ақ олардың жоспары нашар болған, оны жаман орындап шықты және бұл аңыздардың арасындағы ең нашары болды", - деді Америка басшысы.
Трамп Сауд Арабиясына қатысты журналистің өліміне шешім қабылдауды Конгреске тапсырды. Алайда заң шығарушы органдар президентпен кеңесуі керек.
Сауд Арабиясының журналисі Жамал Хашукджи америкалық Washington Post газетінде шолушы болып қызмет еткен және 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрған, Түркияда 2 қазанда Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы бас консулдығының ғимаратына кіргеннен кейін жоғалып кеткен.
Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат құралдары 20 қазанға қараған түні бас прокурордың хабарламасын таратты, онда алдын ала мәлімет бойынша Хашукджидің консулдық қызметкерлерімен жанжалдасқаннан кейін мерт болғаны айтылған. Бұл іске қатысты 18 адам ұсталды, олардан түсінік алынып, Сауд Арабиясының билігі шындықты анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға тырысып жатыр.