АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия әскерінің Идлиб провинциясына шабуыл жасау мүмкіндігі "үлкен гуманитарлық қателік" болатынын айтып және оған жол бермеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Сирия президенті Башар Асад жайдан-жай Идлиб провинциясына шабуыл жасамауы керек. Орыстар мен ирандықтар мұндай адам қайғысына қатысса үлкен гуманитарлық қателік жіберуші еді. Мыңдаған адам мерт болар еді. Оған жол бермеңдер!", - деп жазды Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Қазіргі уақытта Идлиб провинциясының аймағын Сирия үкімет күші қадағаламайды. Онда Сириялық оппозицияның қарулы күштері, сондай-ақ, Мәскеу мен Дамаск тұжырымынша, Сирия әскеріне қайта-қайта шабуыл жасап жатқан бірнеше топтың лаңкестері бар.
Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіндегілердің хабарлауынша, Идлибтегі орасан қайғыға душар етер қарулы қақтығыстарға ешкім мүдделі емес.