Трамп Иранға қатаң ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Иранға қатаң ескерту жасады Фото: x.com/whitehouse

Америка көшбасшысы Дональд Трамп Құрама Штаттар Иранды бомбалау қарқынын бәсеңдетпейтінін мәлімдеп, Тегеранды жаңа соққылармен қорқытты. Ол бұл шабуылдар елді "тас дәуіріне" қайтаруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Трамп бұл туралы АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақытымен 1 сәуірде кешке (Қазақстан уақытымен бейсенбі, 2 сәуір таңертең) халыққа үндеуі кезінде айтты. Оның сөйлеген сөзінен үзінділер Ақ үйдің X әлеуметтік желісіндегі ресми Rapid Response 47 аккаунтында жарияланды.

"Қол жеткізілген жетістіктердің арқасында мен бүгін біздің жоспар бойынша келе жатқанымызды және жақын арада АҚШ-тың барлық әскери тапсырмаларын аяқтайтынымызды мәлімдей аламын. Алдағы екі-үш аптада біз оларға өте қуатты соққылар береміз", - деді ол.

Оның айтуынша, АҚШ Иранды "өздеріне лайықты орын - тас дәуіріне" қайтарады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.42   544.68   5.88 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети