05 маусым 2019 | 14:18

Трамп Иранмен соғысқысы келмейтінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚш президенті Дональд Трамп Иранға қатысты әскери әрекеттер болуы мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы америкалық көшбасшы ұлыбританиялық ITV басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru порталы Reuters басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

АҚш президенті Дональд Трамп Иранға қатысты әскери әрекеттер болуы мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы америкалық көшбасшы ұлыбританиялық ITV басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru порталы Reuters басылымына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Иран президенті Хасан Роуханимен келіссөздер жүргізуге қуана келісетінін айтты. Алайда әскери әрекеттер мүмкіндігі туралы сұраққа ол былай деп жауап берді: "Әрдайым соғысу мүмкіндігі бар. Менің соғысқым келе ме? Жоқ. Ондайға барғым келмейді. Бірақ ондай мүмкіндік қала береді". 

Трамптың айтуынша, Иран оның президент қызметіне кіріскенінен бастап-ақ жау көреді екен. "Сол кезде олар әлемдегі бірінші террорлық ұлт болды, мүмкін, бүгінде солай шығар", - деді ол.

3 маусымда АҚШ Иранмен жаңа ядролық келісімшарт жасауға дайын екендерін жариялады. Келісім бойынша, Иран жаппай жою қаруы алмайды. 

15 мамырда Иран ресми түрде Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары бойынша қарастырылған ядролық бағдарламаның кейбір міндеттерін орындаудан бас тартты. 

АҚШ пен Иранның қарым-қатынасы бір жыл бұрын шиеленіскен. 2018 жылдың мамыр айының басында Трамп Вашингтонның 2015 жылғы ядролық келісімнен бір жақты шығуы және Тегеранға қарсы санкцияларды қайта қалпына келтіру туралы жариялады. АҚШ-тың Иранға қарсы шектеу шараларының жаңа пакеті қараша айында күшіне енді. Санкциялар мұнай экспортына, өнеркәсіпке, саудаға және елдің Орталық Банкі операцияларына доллармен таралады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети