Трамп жеңіске жетсе, Клинтонды түрмеге жабуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп жеңіске жетсе, Клинтонды түрмеге жабуға уәде берді © gazeta.ru

Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп демократтар атынан сайлауға түскен  Хиллари Клинтонмен дебат барысында билікке келгеннен кейін оны түрмеге жабуға уәде берді. Дебат жексенбі күні 9 қазанда Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында өтті, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп демократтар атынан сайлауға түскен  Хиллари Клинтонмен дебат барысында билікке келгеннен кейін оны түрмеге жабуға уәде берді. Дебат жексенбі күні 9 қазанда Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында өтті, - деп хабарлайды Lenta.ru.

"Сен түрмеге қамаласың", - деп жауап берді Трамп, оның президент болуы АҚШ үшін пайдасыз деген сөзді ести сала.

Трамп жеңіске жеткен жағдайда Клинтонның жеке электронды поштасын қызметтік мақсатта пайдалануын тергейтін арнайы прокурор тағайындайтынын жеткізді. Сонымен бірге ол қарсыласын электронды поштасындағы 33 мың электронды хатының жойлып кеткендігі үшін кешірім сұрауын талап етті.

Бұл дебатты тамашалаған телекөреремендердің көбі жеңісті Клинтонға берді. 

Ал өз кезегінде Трамп Twitter парақшасына қоғамдық сауалнама бойынша, ол алғашқы теледебаттарда өзін өте жақсы көрсеткеткен деп жазба қалдырды. 

2015 жылдың наурыз айында Клинтонның электронды поштасына қатысты дау туған еді. Ол мемлекеттік хатшы қызметінде жеке электронды жәшігі арқылы іскерлік хат алмасулар жүргізген. Кейінірек саясаткер электронды хат алмасу сақтайтын жеке сервердегі хаттарды ФТБ-ға (ФБР) тапсырғанмен, жеке сипаттағы хатар болды деген сылтаумен 30 мыңдай хатты жойған.

АҚШ президентін сайлау 2016 жылдың 8 қарашасында өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети