Трамп коронавирусқа байланысты Green Card жүйесін уақытша тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп коронавирусқа байланысты Green Card жүйесін уақытша тоқтатады © REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп екі айға елге иммигранттардың кіруіне уақытша тыйым салу туралы жарлық шығаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп екі айға елге иммигранттардың кіруіне уақытша тыйым салу туралы жарлық шығаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Мен АҚШ-та иммиграцияны уақытша тоқтату туралы жарлық шығарамын... Бұл 60 күнге созылады, сосын мен және басқа да адамдар бұл шешімді экономикалық шартқа байланысты ұзарту немесе өзгерту туралы ойланамыз", - деді Трамп баспасөз мәслихатында. 

Дональд Трамптың сөзінше, бұл шектеулер АҚШ-та тұрақты тұруға ықтиярхат - Green Card алатындарға байланысты енгізіледі. 

Трамп бұл шаралар дағдарыс салдарынан жұмыссыз қалған америкалықтардың жұмыс орнын сақтап қалу үшін жасалғанын айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети