Ресей басшысы Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы секс-"компромат" жасауға тапсырыс бергендерді жезөкшелерге теңеді. Бұл туралы ол Молдавия басшысы Игорь Додонмен кездесу барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей басшысы Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы секс-"компромат" жасауға тапсырыс бергендерді жезөкшелерге теңеді. Бұл туралы ол Молдавия басшысы Игорь Додонмен кездесу барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Білесіздер, жезөкшелік - сыйқысыз әлеуметтік құбылыс. Жас қыздар мұндайға дұрыс жолға түсе алмағандықтан да барып жатады және бұған көбіне қоғам мен мемлекет жауапты. Ал АҚШ президентіне қатысты осы тектес жалған ақпарды дайындап, таратып, саяси күресте қолданған адамдар - жезөкшелерден де жаман. Оларда моральдық шектеу мүлде жоқ", - деді Ресей президенті.
Сонымен қатар, Путин батыстағы саяси күштердің осындай қадамға баратындай құлдырап кеткеніне таңданды. Оның ойынша, АҚШ-та Трамптың президент болып заңды түрде сайланғанын жоққа шығарғысы келетіндер бар. Осы арқылы олар мемлекетке зор нұқсан келтіреді.
Путин "айғақ" туралы айта отырып, Трамп Мәскеуге жай ғана іскер адам ретінде келгенін айтты. "Арнайы қызмет әрбір америкалық миллиардердің соңына түскен деп кім айтты? Әрине олай емес, бұл сандырақ", - деді Путин.
Сонымен қатар, ол Трамптың көп жыл сұлулық сайысын ұйымдастырумен айналысқанын атап өтті. "Ол әлемнің ең сұлу әйелдерімен кездескен. Ол қонақүйге жүгіріп барып, біздің әлеуметтік жауапкершілігі төмен қыздарымызыбен кездесті дегенге сене алмаймын", - деп келтіреді Путиннің сөзін "Россия 24".
Еске салайық, 10 қаңтарды Buzzfeed News порталы Дональд Трампқа қарсы 35 беттік "Кремльдің баяндамасын" дәлелсіз жариялаған болатын. Баяндамаға 2016 жылдың 20 маусымы мен 13 желтоқсан аралығындағы ұлыбританиялық агенттің есебі негіз болған-мыс.