Трамп, Навальный және Маск әлемдегі ең ықпалды адамдар тізіміне енді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп, Навальный және Маск әлемдегі ең ықпалды адамдар тізіміне енді Фото: Reuters

Time журналының нұсқасы бойынша "2021 жылдың ең ықпалды 100 адамы" тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Time журналының нұсқасы бойынша "2021 жылдың ең ықпалды 100 адамы" тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Рейтинг бірнеше категорияны қамтиды: "Титандар", "Жаңашылдар", "Өнер қайраткерлері", "Көшбасшылар" және "Кумир".

Биыл "Көшбасшылар" қатарында - ДСҰ басшысы, Иран президенті, Италия мен Израиль премьер-министрлері, Сальвадор президенті, Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары міндетін атқарушы Барадар. Екінші жыл қатарынан бұл санатқа Си Цзиньпин, Байден, Трамп, Моди кірген.

Time нұсқасы бойынша, "Титандар" тобына Apple бас директоры Тим Кук, америкалық спортшылар Симон Байлз, Эллисон Феликс және т.б. енген. 

Әнші Билли Айлиш пен Флойдтың отбасының адвокаты Бен Крамп "Жаңашылдар" санатында тұр.

"Өнер қайраткерлері" санатына Омар Си, Скарлетт Йоханссон, Кейт Уинслет кірген.

"Кумир" - ханзада Гарри мен оның әйелі Меган Маркл, теннисші Наоми Осака, әнші Бритни Спирс және т.б. Бұл санатта Навальный орыс ұлтынан жалғыз өкіл.

"Өнертапқыштар" - Илон Маск, General Motors Company бас директоры Мэри Барра және т.б.

Былтыр АҚШ-тың Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус "100 ықпалды адам" тізіміне енген болатын.

Бұған дейін Time журналы әлемдегі ең ықпалды компаниялар рейтингін алғаш рет жариялаған. Рейтингке технологиялық стартаптар, криптовалюта фирмалары мен фармацевтикалық корпорацияларды қосқанда әртүрлі компания кірді. Рейтинг бес категорияға бөлінген. Олардың әрқайсында 16-дан 21-ге дейін компания болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети